389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Жапония бірігіп түсірген «Барымташылар» фильмі Оңтүстік Кореяда көрсетілді

  • 199
  • UPD: 20:00, 05.10.2019

Қазақ киносы Оңтүстік Кореяда көрсетілді.

Пусан халықаралық кинофестивалінде «Барымташылар» фильмінің премьерасы өтті. Сөйтіп қазақ-жапон жобасы көрермендер мен киносыншыларды несімен қызықтырды.

Владислав Цой, тілші:

– Канн шаһарында талғампаз көрерменді мойындатқан қазақ актрисасы Пусанға табан тіреді. Оңтүстіккореялық өнерсүйер қауым Самал Еслямованы көптен күткені анық. Пусан халықаралық кинофестивалінде «Барымташылар» фильмнің әлемдік премьерасы өтті.

Фильмде Самал Еслямова отағасыз қалған әйелдің рөлін сомдайды. Актрисаның айтуынша, оның кейіпкері позитивті және бұл рөл оған «Айка» фильміндегіден жеңілірек болған.

Самал Еслямова, актриса:

– Мен осы фильмге «Айканы» түсіру кезінде келіскен едім. Түсірілім Алматы облысында өтті. Басты қиындық осы аймаққа келіп, кету болды.

«Барымташылардың» ең қиын миссиясы әйгілі жапон актері Мирай Мориямаға жүктелген. Ол бейтаныс ел тұрғынының бейнесін жеткізуі керек еді. Мирай асыраушысыз қалған отбасына көмектесетін Қайраттың рөлін сомдайды.

Мирай Морияма, актер:

– Мен түсіру алаңына келгенде қазақша бірде бір сөз білмедім. Бірақ тынымсыз жұмыс істеп, кейбір сөздердің мағынасын білмесем де, ойнауға тырыстым. Көрермендер қателік болса мені кешіреді деп үміттенемін. Мен барынша тырыстым.

Қазақтың кей сөздерін жапон режиссері Лиса Такеба да жаттап алған. Ол «Барымташылар» фильмінің арқасында Қазақстанды жете таныдым дейді.

Лиса Такеба, режиссер:

– Фильмде отбасы отағасынан айырылады. Бұл маған Кеңес одағының ыдырағанын және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қалай дамығанын еске түсіреді. Біз фильм түсіру идеясынан бас тартқымыз келген. Бірақ режиссер Ерлан жастарға жаңа көзқараспен қарауды ұқтырып, байыпты көзқарасын байқатты. Біз фильмді соның тәжірибесіне сүйене отырып түсірдік.

Ерлан Нұрмұхамбетов, режиссер:

– Жапондық режиссер мұндай кино түсірмеген. Оның алдында көбіне фантастика жанрында болған. Бірақ ол осындай форматта кино түсіргісі келді. Сондықтан біз келістік. Қазақстанның оқиғасы болған соң мен басты жұмысты атқарып, ол кісі монтаж ретінде мониторды да қарады.

«Барымташылар» фильмін жапон көрермендері де тамашалай алады. Қараша айында бұл фильм Токио халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы