382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс Қазақстан облысында дәнді-дақыл алқаптарының көлемі 15 пайызға артты

  • 475
  • UPD: 10:13, 30.05.2017

Батыс Қазақстан облысынының диқандары егіннен мол өнім алудан үмітті.

Биыл олар дәнді-дақыл алқаптарының көлемін 15 пайызға ұлғайтып отыр. Игерілетін жерлердің жалпы аумағы 482 мың гектар. Өңірде «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі далалық жұмыстарды, нәтижелі жүргізу мақсатында 600 миллион теңге несие қаржысы қаралған.

Тәжірибелі диқан Сәлімбай Мәдиевтің шаруа қожалығы 20 жыл бұрын құрылды. Ол кезде небары мың гектардай жері, көне тракторы ғана болған. Қазір егістік алқаптарының көлемі 5 мың гектардан асады. Техника сайлы. Тұқымның жоғарғы сұрыптарын көрші елдерден сатып алады.

Сәлімбай Мәдиев, шаруа қожалығының жетекшісі:

-  Үкімет тарапынан бағдарламалар арқылы жаңа техника болсын, бидадың сорты мен күнбағыс болсын субсидия арқылы алдық. Соның арқасында егін ектік. Осы егісті бітірген соң күзгі  егіске әзірлейтін 1243 гектар жер бар, соған кірісеміз.

Кейіпкеріміз мал шаруашылығын қолдауға арналған бағдарламаның көмегімен аналық ірі қара өсіруді де қолға алыпты. Жылқы мен қой да жеткілікті. Болашақта егіс көлемін ұлғайтып, бос жатқан жерлерді жалға алуды жоспарлап отыр.

Сәлімбай Мәдиев,  шаруа қожалығының жетекшісі:

- Жанар-жағармайға да көмек бар. Бір литрі 10 теңгедей. Ол да көмек емес пе? Мына техникаға, дәнді-дақылға, бәріне субсидия берсе, жылына маған 30-35 миллион шығып тұр.

Биыл Ақжайық өңірінде егіс науқанына 480 шаруа қожалығы қатысып жатыр. 180 мың гектарға жаздық бидай егіледі. Күздік дақылдың көлемі 72 мың гектар.

Асылболат Құбиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Қазіргі таңда егіс жұмыстары жүргізілуде. Атап өтер болсақ, майлы дақылдардың ішінде 52 мың гектар болса, соның ішінде күнбағыс дақылын 40 мың гектарға жеткізу жоспарналып отыр. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармайдың көлемі 12 мың тонна еді, қазіргі таңда шаруашылықтармен алынып, барлығы өз уақытында жүргізіліп жатыр.

«Көктемнің әр күні жылға азық. Сондықтан тұқым себу науқанының әрбір сәті біз үшін өте маңызды, - дейді еңбек адамдары. Өңір тұрғындарының сұранысын өтеу мақсатында биыл 9 гектардай жерге бау-бақша өнімдері егіледі.  

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы