386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дәрі-дәрмектер Грузия нарығына шығарылуы мүмкін

  • 601
  • UPD: 08:22, 29.09.2017

Қазір отандық компаниялар екіжақты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Ең бастысы, Грузия тарапы біздің фармацевтикалық өнімдерге үлкен қызығушылық танытып үлгерген.

Грузияның озық емханалары мен медициналық мекемелері қазақстандық өнімдерге қызығушылық таныта бастады. Әсіресе арнайы таныстырылым барысында отандық халаттар, дәкелер және шприцтер көпшіліктің көңілінен шықты.

Лейла Маханова, «Мерусар и К» компаниясының коммерциялық директоры:

- ТМД елдерінде импорттық дәрі-дәрмектерді тіркеу рәсімі бар. Ол біраз уақытты алады. Ал Грузияда бұл процесс міндетті емес. Яғни өз елімізде тіркелгендігі туралы құжат болса жеткілікті. Бұған қоса біздің өнімдердің халықаралық сертификаты бар. Оның өзі сапасына қатысты біраз нәрсені айтады.

Жоғары сападан бөлек біздің өнімнің бағасы көңілге қонымды. Сонымен қатар, таңдау да бар. Яғни, хирургия, кардиология, травматология, акушерлік немесе гинекологияға қатысты өнімдерді ұсына алады.

Софо Кереселидзе, Гематологиялық орталықтың қаржы жөніндегі менеджері:

- «Мерусар и К» компаниясының өнімдері көңілімізден шықты. Сапасы өте жоғары екен. Менің ойымша, бұл дәрілер мен құралдар Батыс елдеріндегі баламаларына бәсекелес бола алады.

Қазақстандық компания өкілдері ынтымақтастыққа дайын басқа да емханаларды аралап шықпақ. Жалпы Грузия нарығына еліміздегі көптеген серіктестіктер мүдделі. Бұл жөнінде биыл Тбилисиде өткен Грузия-Қазақстан бизнес-форумында белгілі болды. 

Авторлары: Анна Анастасиади, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы