386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының мұрағаттарында латын қарпінде жазылған миллионнан астам құжат сақтаулы

  • 576
  • UPD: 13:36, 26.11.2017

Бүгінде Павлодар облысының мұрағаттарында латын графикасында жазылған құжаттар миллиондап саналады.

Қазіргі уақытта өңір мұрағатшылары 19-шы ғасырдың басында латын әліпбиінде жазылған құжаттарды зерттеп, аса құнды тарихи деректерді көрермен назарына ұсынуға дайындап жатыр.

Мұрағатшылар «латынға көшу» деген тіркесті құп көрмейді. «Латынға оралу» деген дұрыс болады»,дейді олар. Бұған облыстың мұрағаттарынан табылған мыңдаған құжат дәлел. Араб әліпбиінен  латын графикасына көшу кезеңін қамтитын 1929-1940 жылдарға тиесілі құжаттар жоғары маңызға ие.  Мұнда 1929 жылдың жетінші тамызындағы латын графикасына көші жөніндегі қаулы да сақталған.

Ханшайым Мақажанова, мұрағат қызметкері:

– Араб жазбасында Кеңестер одағы халықтарының өз еркімен дейді және де осы мәселенің мәдени-экономикалық маңыздылығына байланысты араб әліпбиінен латын графикасына көшу өте маңызды деп көрсетілген осы қаулыда.

Бұл мағлұматтар қазақтың басынан өткен латынға көшу үрдісін тереңнен зерттеуге мүмкіндік береді. Мәселен, Ертіс өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін маңызды құжаттар бар. Сондай-ақ облыстың танымал тұлғаларының жеке құжаттары сақтаулы.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Сарғайған бумаларда сақталған құжаттар Ертіс өңірінің 19 ғасырдан бергі тарихы туралы сыр шертеді. Бүгінде облыстың мұрағаттарында бір миллионнан атам құжат сақталған. Олардың бес пайызы, яғни 50 мыңнан астамы латын әліпбиінде жазылған. Олардың барлығы аса құнды құжаттар санатында. Мәселен, 168-ші ұяшықта Кеңес Одағының батыры, Ертіс өңірінің тумасы Қанаш Қамзиннің жеке құжаттары сақтаулы. Мектеп табелі, аттестат және өмірбаяны латын әріптерімен жазылған.

Кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесі «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты көрмеде паш етілмек.

Манат Келдібеков, облыстық мұрағат басшысы:

– Бізді қызықтырған құжаттардың арасында латын гарфикасын 1929 жылы енгізу үрдістері. Ол – Павлодар типографиясына жаңа шрифттерге тапсырыс беру, ол халық арасында әр саланы қамтитын, ашатын құжаттар. Ол – мектеп ұжымдарына жаңа кітаптарға тапсырыс беру.

Облыстың мұрағаттарында бұл тарихи үрдіс жайында жарық көрмеген құжаттар жетерлік. Мамандар бұл деректер латынға көшу мәселесін тереңнен зерттеуге және тарихи материалдар легін құруға сеп болатынына сенімді.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы