366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты көрменің тұсауы кесілді

  • 293
  • UPD: 00:10, 08.12.2017

Ақмола қаласын ел ордасы Астана деп жариялаудың 20 жылдығы қарсаңында «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты фотодеректі көрменің тұсаукесері болды. Шараны қалалық мемлекеттік мұрағат және Мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Мақсаты бас қаланы Ақмолаға көшіру және оның даму тарихынан сыр шертетін құжаттармен таныстыру. Ашылу рәсіміне елшілік өкілдері, халық қалаулылары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Көрме есігі желтоқсан айының аяғына дейін айқара ашық. 

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы біз кейбір кезде тарихымызды ұмытып кетеміз. Қалай болды, қалай көштік, кім бұл идеяны ұсынды. Оны бүкіл әлем біледі. Әрине біздің президентіміз. Кім үшін. Қазақ елі үшін, болашақ жастар үшін.

Анатолий Ничкасов, Беларусь Республикасының ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Астана өзінің 20 жылдық даму тарихында Қазақстанның ғана емес аймақтық және халықаралық орталыққа айналды. ЭКСПО-2017 көрмесінің өзі елдің жаһандық қауымдастықтағы зор беделін көрсетсе керек. Ал Астананы салу қала құрылысы тәжірибесіндегі ең үздік үлгінің бірі дер едім.

Хабар 24 телеарнасы