386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг мүшелері қазақ елін Жаңа жылмен құттықтады

  • 454
  • UPD: 17:40, 02.01.2018

Депутат Аксель Фишер 2017 жыл Қазақстан үшін жемісті болғанын айтады.

Сирия мәселесіне қатысты елімізде бейбіт келісім алаңын құрып, бірнеше тарапты Астанада тоғыстыра білу зор мәртебе. Және парламенттік реформа қабылданып, күллі әлем көз тіккен ЕХРО халықаралық көрмесінің өтуі Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройын асқақтата түсті, – дейді ол.

Аксель Фишер, Бундестаг депутаты: 

- EXPO-ны ұйымдастырушы ел ретінде сіздер қашан да дүйім дүниенің назарында болдыңыздар. Көрменің тақырыбын Қазақстан керемет таңдай білді. Осы арқылы өзге мемлекеттер энергия саласындағы өз мүмкіндігін паш етіп, жетістігімен бөлісуге мүмкіндік алды. Тағы бір айтарым, парламенттік реформа жасай отырып, қазақ елі болашақтың бағыт-бағдарын айқындай түсті.

Хабар 24 телеарнасы