386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында биогазбен жылытылатын жылыжай салу жоспарлануда

  • 918
  • UPD: 17:42, 09.01.2018

Қостанай облысындағы Қарасу шаруашылығы биыл биогаздан алынатын электр қуат көлемін 2 мың киловатқа жеткізді.

Қазір серіктестік-өндірістік нысандарының 70 пайызын баламалы энергия көзімен қамтып отыр. Биогаз кешенінде күніне 40 тонна мал көңі өңделеді. Одан бөлінген органикалық қалдық – таптырмас тыңайтқыш. Биыл шаруашылық толық жасыл энергетикаға көшуді көздеп отыр. Бұл жылына 12-14 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Артылғанын сыртқа сатпақ. Кешенде газдың бөлінуі, одан электр қуатының өндірілуі толық автоматтандырылған.

Дмитрий Филиппов, биогаз кешенінің операторы:

– Барлық процесс орталықтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Мына жерде біз жылу температурасы мен қысымын қадағалап, реттеп отырамыз. Болашақта биогазбен жылытылатын жылыжай салу жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы