388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Читати: Заңның үстемдік құруы арқылы ел дамиды

  • 730
  • UPD: 13:02, 24.01.2018

Шетел капиталын ел экономикасына тартудың басты шарттарының бірі - заңның үстемдік құруы.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне тоқталғаны кездейсоқ емес», - деп есептейді Италияның жоғарғы геосаяси зерттеу институтының сарапшысы Дарио Читати. Оның айтуынша, экономиканы көтеру үшін алдымен мемлекеттік институттардың жұмысы ашық болуы тиіс. 

Дарио Читати, Италия жоғарғы геосаяси зерттеу институты «Еуразия» бағдарламасының басшысы: 

- Президенттің сыбайлас жемқорлықпен күреске және заңның үстемдік құруына тоқталған тармағы ең маңызды мәселе деп айтар едім. Неліктен? Себебі алға қадам басу үшін елге инвесторларды тартып, оларға Қазақстанда іс жүзінде заңның үстемдік құратынын көрсету керек болды. Сонда ғана олар барлық қиындықтарға қарамастан, кепілді түрде жұмыс істеуге болатынына сенімді болады. Менің ойымша, бұл ел дамуы үшін өте маңызды дүние.

Хабар 24 телеарнасы