374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құқық қорғау әскерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай жекпе-жектен сайыс ұйымдастырылды

  • 295
  • UPD: 18:25, 13.02.2018
Құқық қорғау әскерінің құрылғанына 26 жыл толуына орай жекпе-жектен сайыс ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Құқық қорғау әскерінің құрылғанына биыл 26 жыл толып отыр.

Осыған орай Шымкентте жекпе-жектен әскерилер арасында жарыс басталды. Ел біріншілігіне Республикалық Ұлттық ұланның сарбаздары, әскери институттар мен бөлімдердің жауынгерлерінен құралған 6 команда қатысуда. Әскери қолданбалы спорт түрін насихаттағандар сайыста өзара мықтыны анықтауда. Жарыс үш күнге жалғасатын болады. Финалдық кездесулер апта аяғында өтеді. Осы бәсекеде топ жарғандар наурыз айында Қызылорда қаласында өтетін чемпионатқа жолдама алады.

Әнуар Қайыбаев, жарысқа қатысушы (БҚО):

Тыңғылықты дайындалып келдік. Бұл жарыс іріктеу болып саналады. Бүкіл Қазақстаннан іріктеліп келіп отыр. Мақсат жеңімпаз болу. Бапкер ағайымды 1-орын алып қуантсам деймін.

Сәтжан Әбішов, жарыстың бас хатшысы:

– Осы жарыстан кейін 1-2 нөмірлі сарбаздарымыз оқу-жаттығу жасап, Қызылорда қаласында өтетін 10 күндік Қазақстан кубогына қатысады. Ол кубок Қазақстанды ұтқан сарбаздар 1-нөмірлілер Минск қаласында мамыр айының 22-24 аралығында Еуропа кубогына қатысады.

Осы категория бойынша: « «Спасск мұнарасы» халықаралық фестивалінде «Айбын» полкі өнерін көрсетті Ақтөбелік құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды шақырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы