386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Валюталық реттеу туралы заң ақшаның елден сыртқа кетуіне тосқауыл болады

  • 650
  • UPD: 20:25, 11.04.2018

Таяудан бері қоғамда қызу талқыланып жатқан валюталық реттеу мәселесі Мәжіліске жетті. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев оны реттейтін жаңа заң жобасын таныстырды.

Аслан Қаженов, тілші:

- Валюталық реттеу дегенде еске еріксіз бір әңгіме келеді. Кезінде бір ағамыз дәл осылай жерден ақшаны көтерсе, көпшілік күлсе керек. Сол кезде ол мен тиынды емес, елімнің елтаңбасын көтеріп жатырмын дегені бар. Сол сияқты ұлттық банк те ұлттық валютаның мәртебесін көтеруге білек сыбана кіріскен сияқты. Осыған орай шетелдік компаниялар Қазақстанда ақша айырбастарын тек ғана теңгемен жүргізуге міндетті болады. Яғни олардың бұрынғыдай басымдықтары болмайды, жергілікті компаниялармен тең болады және барлық қаржылық операция теңгемен жүреді.

Дәл осындай мазмұндағы заң жобасы бүгін мәжілісте қаралды. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазір елімізде осындай 4 жарым мыңға компанияның бөлімшесі бар. Еліміз егемендік алғалы отандық компаниялар да аяғына нық тұрып, етек-жеңін жинады. Сондықтан енді шетелдік және жергілікті компаниялардың құқықтарын теңестіріп, ел аумағындағы ақша айналымын тек ұлттық валютада жүргізуді міндеттеу керек.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Заң жобасының негізгі міндеті валюталық операциялардың мониторингін кеңейту және Қазақстан аумағындағы шетел валютасын есеп айырысуда пайдалануды қысқарту болып табылады. Аталған нормаларды іске асыру валюталық бақылау тиімділігін, оның ішінде елден ақшаны әкетуге қарсы іс-қимылды арттыруға мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек халық қалаулары пленарлық отырыста 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу жөніндегі заңды да қарады. Оның ішінде Президент ұсынған 5 бастаманы жүзеге асыру тетіктері ерекше талқыланды.

Серік Құсайынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президенттің биылғы Жолауында нашар кредиттерден банктерді тазартудан  бастап, банктердің экономикалық жауапкершілігін және акционерлердің капиталын шығарудың ауыр қылмысқа теңестіру шараларға дейін қаржы секторын қайта жүктеу туралы нақты тапсырмалар берілген. Осы заң жобасында көзделген шараларды Президенттің тапсырмасын орындау үшін барынша толық шаралар болып табыла ма? Жоқ па?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Біз қазір әкімшілік бағыттағы жұмыстарды барынша іске қостық. Капиталды сыртқа шығаруды тыю және банктегі жауапты тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселелері осы заң жобасында қамтылған. Яғни бұл заңнама алдымызға қойылған міндеттерді мінсіз атқаруға оң әсер етеді. 

Бүгінгі жалпы отырыста қаралған заң жобалары депуттар тарапынан қолдау тауып, барлығы мақұлданды. Ең бастысы, аталған құжаттар ел үшін, оның ішінде экспорт және импортпен айналысатын кәсіпкерлер үшін маңызды болары сөзсіз. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы