384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Түркістан бүкіл түркі әлемінің бірігуіне жол ашады

  • 539
  • UPD: 22:17, 19.06.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы атауының Түркістан облысы болып өзгеруі және Түркістанның облыс орталығына айналуы бүкіл түркі халықтарының бірігуіне жол ашады.

Жалпы, Түркістан ертеден-ақ түркі жұртының орталығы ретінде саяси-әкімшілік тұрғыдан үлкен рөл атқарған. Сондай-ақ 15-16 ғасырда Қазақ хандығының астанасы болған. Бұл өзгерістің барлығы шаһардың гүлденуіне зор үлес қосады.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Түркістан облысы Түркістан қаласының облыс орталығы болатындай жағдай бұрыннан айтылып келе жатқан, еліміздің ғасырлар бойы саяси және рухани орталығы болып келген, Қазақ хандығының, тек қана Қазақ хандығы емес, бүкіл түркі дүниесінің рухани орталығы болып келген қала болатын. Сондықтан оны өз алдына республикалық бағынышты қала етеміз деген мәселе 1990 жылдардың ортасында бір көтерілген болатын. Енді өзінің сәтті уақыты келді. Мұның өзі біздің еліміздегі экономиканың алға дамуының арқасында болып отырған үлкен мәселе деп ойлаймыз.

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

- 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы ішкі өнімі 3 трлн теңгеден асты. Сонымен бірге Орталық Азия елдерімен сауда ынтымағын дамыту мәселесі біздің алдымызда тұр. Аяқ тигізер Орталық Азия елдерімен сауданы 7 млрд долларға дейін өсіру мақсаты тұр. Міне, осы тұрғыдан оңтүстік аймақты диверсификация жасап, бірінші Шымкент қаласының өзіне республикалық мәртебе беру, сонымен бірге облыс орталығын Түркістанға ауыстыру қоғамның алдында әлеуметтік оптимизм тудырады. Сонымен бірге тек қана түркі әлемі емес, Еуразия аймағынан осы елдерге рухани туристер келуі мүмкін.  

Хабар 24 телеарнасы