389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ө.Шөкеев Алматы облысындағы тәжірибелік шаруашылық жұмысымен танысты

  • 606
  • UPD: 15:50, 24.06.2018

Премьер министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Алматы облысында болып, Қаскелең тәжірибелік шаруашылығының жұмысымен танысты.

Қаскелең агропаркінде 6 ғылыми-зерттеу институты шоғырланған. 1630 гектар жерде дәстүрлі арпа мен бидайдан бөлек дәнді және техникалық дақылдардың 30-дан астам түрі өсіріледі. Осы тәжірибелік алқаптарда еліміздің әр өңірінде өсірілетін дақылдар сұрыпталып, сапалы түрлері шығарылады. Сөйтіп, фермерлер мен жеке шаруашылықтарға қай кезде қандай дақыл егу керектігі жөнінде нұсқаулар мен бизнес жоспар ұсынылады. Жалпы агроөнеркәсіп саласын цифрландыру арқылы алдағы 7 жылда саладағы экономикалық тиімділікті 40 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Бақытжан Дүйсембеков, ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

- Бұл агропарктің негізгі мақсаты-отандық және шетелдік ең жоғарғы өнім беретін дақылдарды өсіре отырып елге тарату. Көзбен көрсету. Фермерлердің көзін ашу. Қандай дақылды еккенде мен мол өнім алып, азықтық қорымды экономикалық тұрғыдан алғанда шығынымды өтей аламын деген мақсат тұрады.

Хабар 24 телеарнасы