365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар кардиологиялық орталығында «ақылды» білезіктер қолданысқа енгізілмек

  • 217
  • UPD: 19:45, 22.07.2018

Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы науқастардың денсаулығы туралы мәлімет беретін «ақылды» білезіктерді қолданысқа енгізбек.

«Кардиологиялық девайс» деп аталатын құрылғы арқылы дәрігерлер кез келген жедел шақыртуға қашықтықтан әрекет ете алады. Осылайша емдеу мекемесі республика бойынша алғаш болып төсек жанындағы қымбат мониторларды қарапайым диагностикалық білезіктермен алмастыруды көздеп отыр.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Шұғыл шақыру қызметі орналасқан диагностикалық білезіктің бірқатар техникалық сипаттамалары бар екен. Құрылғы науқастың қан қысымы, жүрек қағысы, дене қызуы және күйзеліс деңгейінен де хабар береді. Wi-Fi желісіне қосылғандықтан, барлық мәліметтер автоматты түрде компьютерге, медбике немесе дәрігердің смартфонына түсіп отырады. Ал мәліметтерді салыстыру әрі тапсыру үрдісі әр 10 секунд сайын жүргізіледі.

Асқар Әбілтаев, облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургі:

– Біздің кардиологиялық орталыққа өте ауыр науқастар түседі және де олардың қасына үлкен мониторлар қоямыз, сондай-ақ медбикелер қызмет атқарады. Науқастар еркін жүріп, палатасының ішінде демалады. Егер шұғыл уақытта науқастарға көмек керек болса, тез көмек көрсете аламыз.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Бұл білезіктердің қорғаныс қабілеті жоғары екен. Су, шан-тозаң өткізбейді. Геолокация қызметі жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері науқастың емхана бойынша жүріп-тұруын қадағалап отырады. Ол дәрі-дәрмек пен басқа да ем-шараларды мерзімінде алуды ескерту үшін қажет. Егер де денсаулығы сыр берсе, емделуші бірден көмек басқышын басады. Дәрігерлер алтын уақыттарын үнемдеп, шұғыл іске кіріседі.

Асқар Әбілтаев, облыстық кардиохирургиялық орталықтың кардиохирургі:

– Қазір «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы біз үш білезік алдық. Енді сынап көреміз. Егер осы білезіктер бізге жақсы көмек көрсетсе, онда тағы да аламыз.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Құрылғының құны қанша тұратыны әзірге құпия. Павлодар облысының кардиологиялық орталығы республика бойынша бірінші болып алған. Атап өтерлігі, бұл емдеу мекемесі соңғы үлгідегі заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған республикалық орталықтардан кем түспейді. Сондықтан озық технологияларды енгізу мұнымен шектелмесі анық.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы