374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында жолсеріктер екі есе қымбат бағада билет сатады

  • 1127
  • UPD: 09:36, 28.07.2018

Маңғыстау облысында жолсеріктердің теміржол билетін екі есе қымбат бағада сататыны әшкере болды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтаудағы департамент мамандары өткізген жиында айтылды. Рейдтік тексерулер Маңғыстау вокзалында жүргізілген. Жолаушы кейпіндегі арнайы мониторингтік топ мүшелері пойызға міне алмады. Вагон ішінде бос орын көп, ал кассада билет мүлдем жоқ. Алайда жолсеріктің тілін тапқан жолаушы перронда көп тұрмады. Мұндай сорақылық Маңғышлақ-Бейнеу, Маңғышлақ-Алматы, Маңғышлақ-Астана бағытындағы пойыздарда белең алған.   

Әсет Манов, өңірлік арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары:

- Жолсеріктер теміржол билеттерін алдын ала сатып алады деп айту қиын. Алайда заңға қайшы қалыптасқан жүйенің бар екені анық. Екі ортада делдал жүруі де ықтимал. Жолаушылар тасымалына жауапты мекеме басшылығы бұл мәселемен хабардар. Айғақ табылса, тәртіп бұзушы дереу жазаға тартылады. Агенттік жең ұшынан жалғасқан сыбайлас қылмысқа нүкте қойылғанша, жағдайды бақылап отырады.

Осы категория бойынша: « Павлодар-Алматы пойызында бос орын бар, билет жоқ Түркістан облысы елорда әртістерін қарсы алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы