370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған технологиялар жүзеге асырылмақ

  • 183
  • UPD: 19:14, 07.08.2018
EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған технологиялар жүзеге асырылмақ

Энергетика министрлігі EXPO 2017 көрмесінде жұртшылық көрген 105 шетелдік және 28 отандық технологияны іріктеп, жүзеге асыруды көздеп отыр.

Бұл туралы ведомство басшысы Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Жобалар мұнай, газ, көмір өнеркәсбі, электр энергетикасы, экология сынды салаларды қамтиды. Тізім ұлттық компаниялар мен өңір әкімдіктеріне жіберілген. Қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдар 40, ал жеке компаниялар 15 технологияны өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Көмір өнеркәсібі бойынша 3 технология таңдалды. Ол технологиялар 2019-2020 жылдары енгізіледі. Экология бойынша отандық компаниялар су тазарту, ауа сапасын бақылауда 31 технологияны таңдады. Осы технологияларды жол карталарын әзірлеу бюойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Қостанайда салынып жатқан көп қабатты үйдің қабырғасы қақырап тұр Семейдегі Балалар мен жастар шығармашылығы сарайына жөндеу жұмыстары басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы