374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теңіз кен орнын кеңейтуге 100 мың адам қатысып жатыр

  • 279
  • UPD: 00:31, 13.09.2018

Теңіз кен орнында үшінші зауыттың құрылысы басталды. Бұл соңғы жылдары бастау алған Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жоба. Құны үш триллион теңгеден асады.

Құрылыс аяқталған соң, Теңіз кен орнында мұнай өндірудің көлемі 12 миллион тоннаға өсіп, жылына 39 миллион тоннаға дейін артады. Бүгіннің өзінде жобаның ел экономикасындағы үлес сүбелі. Қазір Теңіз кен орнында жүз мыңдаған қазақстандық жұмыс істеуде.

Оператор Әсет Сухановқа жауапты міндет жүктелген – ол Теңіз кен орнында жұмыс істейтін ұңғымалардағы мұнайдан газдың бөліну процесін бақылайды. 

Әсет Суханов, мұнаймен газдың шоғырлану пультінің операторы: 

- Ең бастысы, құрылғыларды мұқият қадағалау керек. Біз ешбір ауытқуға жол бермеуіміз керек. 

Әсет Теңіз кен орнына вахтамен жұмыс істеуге Оралдан келеді. Онымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпіріненкелген жігіттер жұмыс істейді. Өндірісті кеңейтуге кіріскен кен орнында бүгінгікүні бір мезгілде 50 мың адам жұмыс істеуде. Олардың вахтамен жұмыс істейтінінескерсек, жұмысшылардың жалпы саны 100 мыңға жетеді. Жаңа зауыттың сұлбасықұрылыс алаңында енді ғана көріне бастады. Бірақ, оның бірейгейлігі қазірден белгілі. Ол жалпы салмағы 53 мың тонна жеке модулдерден тұрады. ОлардыКаспийдегі зауытқа жеткізу үшін теңіз айлағын салуға тура келді. Оны салу кезінде ұзындығы 71 километр және тереңдігі 5 метрге жуық канал қазылды.

Рзабек Артығалиев, Үкімет және қоғаммен байланысжөніндегі бас менеджер:

- Қара және Балтық теңіздерінен модулдер Ресейдің ішкісулары арқылы  Каспийге түседі. Баржалардыңең жоғарғы жүк көтергіштігі 2 мың тоннаға жетеді. Модульдер Прорва портына жеткізіледі, содан соң Теңізге жеткізіледі.

Жоба аяқталғаннан кейін порт Қазақстанға өтеді және Каспийтеңізіндегі тағы бір транзиттік хабқа айналады. Ол арқылы астықты да, металдыда жөнелтуге, Қытайдан және Азия елдерінен Еуропаға бағытталған жүктердітасымалдауға да қолайлы болады. 4 жылдан кейін мұнда мұнай өндіру көлемі қазіргі12 миллион тоннадан 39 миллионға дейін өседі деп күтілуде.

Авторлары: Виктор Сутягин, Амантай Матенов және Жандос Рахметуллин

Осы категория бойынша: « Алматыда ТМД елдері жастарының форумы жұмысын бастады Биыл Солтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы болмайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы