389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда ҚХА мүшелері Елбасы мақаласындағы идеяларды жүзеге асырады

  • 500
  • UPD: 14:45, 27.11.2018

Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ілгерілету бойынша республикалық лекторийі жұмысын бастады.

Ассамблея мүшелері Президенттің тарихи құндылықтарды жаңғырту жөніндегі идеяларын жүзеге асырмақ ниеттте. Дәріске көрнекті қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестік, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жоба басталғалы бері мұндай шаралар Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстарында өткізілген болатын. 

Әділ Ахметов,  Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д академик: 

- Барлық жағдай бар кезде Рухани Жаңғыруды одан ары дамытып, тереңдетіп, өзіміздің арғы тегіміз кім, бізде өзіміздің қазақта мақал бар «өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін деген» өзіңді өзің силасаң, өзіңнің тегіңді жақсы білсең басқалар да сені сыйлайды деген астар жатыр ғой. Міне осындай мақсатпен, халыққа соны уағыздау үшін, дәріптеу үшін осы жерге бір топ зиялы қауым келіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы