382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяның жылумен қамту бірлестігі елімізбен ынтымақтасуға дайын

  • 585
  • UPD: 10:18, 30.12.2018

Оңтүстік Кореяның жылумен қамту бірлестігі қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайын. Бұл туралы  Кэй-Ди-Эйч-Си компаниясының өкілдері мәлімдеді.

Аталған компания 1985-ші жылы құрылған. Қазір ол Кореядағы нысандардың жартысын жылумен қамтамасыз етеді. Бірлестік осы уақытқа дейін заманауи  құрылғыларды қолданып  электр қуатын үнемдеуге қол жеткізді. Қайта өңделген қоқыстарды пайдланатын станциялар салып, тамақ қалдықтары және құбырдағы шөгінділерден   биогаз өндіретін құрылғыны іске қосты. Қазірге дейін осы бірлестікте Орталық Азияның мамандары тәжірибеден өткен. Комапния осы бағыттағы жұмысын одан әрі жалғастыруды көздеп отыр.

Юн Вон Джун, KDHC бөлімінің басшысы:

- Мен Астананы ЭКСПО көрмесі кезінде көрдім. Қала ауқымы таңқалдырды. Біз осы аймаққа қолдау көрсету бағдарламасы аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуды көздеп отырмыз. Біз осыған дейін Өзбекстанда жылу жүйесін жетілдіру және ауыстыру жұмыстарына бағытталған жобаны жүзеге асырдық.

Хабар 24 телеарнасы