386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барды

  • 880
  • UPD: 07:59, 02.02.2019

Алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды дамыта отырып, олардың айналасында шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған бір топ Мәжіліс депутаттары осындай пікір білдірді. «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Абзал Ералиев, Нұрлан Дулатбеков, Бейбіт Мамыраев, Бақтияр Мәкен және Кәрібай Мұсырман Қызылорда облысына сапары барысында тампонажды цемент шығаратын зауыт жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Өткен жылы Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында ашылған бұл өндіріс жылына 1 миллион тонна өнім шығарады. Бұған дейін Шиелі ауданынан 100 маман Қытай еліндегі осындай зауытта арнайы дайындық курсынан өтіп, зауытқа қабылданған болатын. Ал бүгінде мұндай маман даярлау ісі Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жалғасын табуда. Мамандар алдағы уақытта зауытқа сервистік қызмет көрсету саласын жолға қою арқылы да, жұмыспен қамту ауқымын арттыруға болатынан айтады.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бірлескен кәсіпорынның келешегі зор. Қазірдің өзінде 160-тай жергілікті жастар жұмыспен қамтылған екен. Алдағы уақытта бұл жерде 259 адам жұмыс істейтін болады. Соның алғашқы жылы 80 пайыза жуығы жергілікті азаматтар болады. Әрине олардың көпшілігі – жастар. Бұл – жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге үлкен септігін тигізетін жоба.

Хабар 24 телеарнасы