386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары қайта қаралады

  • 642
  • UPD: 15:14, 05.02.2019
Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары қайта қаралады Uralskweek.kz

Қазақстанда көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары қайта қаралады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін министрлікте көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын жетілдіру мәселелері қарастырылады. Сіздер бұған дейін ешқандай шара қабылданбады деп ойламаңыздар. Өткен жылдың өзінде министрдің тапсырмасымен қолдау шараларының тиімділігіне әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Өйткені кез келген жаңашылдықтың міндетті түрде негізі болуы тиіс», - деді вице-министр.

Осы ретте ол 4 және одан да көп баласы барлар көпбалалы отбасы саналатындығын еске салып өтті.

«Бұл түсінік Неке және ерлі-зайыптылық кодексінде бекітілген. Көпбалалы отбасылар арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұған қоса, егер отбасының кірісі кедейшілік шегінен төмен болса, онда атаулы әлеуметтік көмек беріледі. 6-7 баласы барлар да көпбалады отбасы саналатындығы түсінікті. Мұндай отбасыларға жоғарыда аталған төлемдерден бөлек «Күміс алқа», «Алтын алқамен» марапатталған көпбалалы анаға арналған жәрдемақыдан төленеді», - деді С.Жақыпова.

Хабар 24 телеарнасы