386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

  • 803
  • UPD: 13:36, 13.02.2019
Семейде қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Биыл Семейде қар қалың. Осыған байланысты коммуналдық қызмет күні-түні көшелерді тазалауға көшкен. Қаңтар айының өзінде ғана 24 мың текше метр ақ ұлпа шығарылыпты.

Жалпы қыс түскелі 34 мың текше метр қар тазаланған. Әсіресе жолаушылар көлігі мен жаяу жүргіншілер жолы басты назарға алынған. Сол сияқты жер асты өтпелері де бақылауда. Қалалық бюджеттен бұл маусымдық жұмыстарға 200 миллион теңге бөлінген. Енді мамандар көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қауіпті деген аумақтарға күш салмақ. Бұл жерде қар тазалаудан басқа дренаждық жүйелердің жұмысы бақылауға алынған.

Ерлан Уәлиев, қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің маманы:

- Күнделікті қала көшелеріне 50-ден аса қар шығару техникалары жұмыс жасайды. 70 шақты адам күнделікті көшелерді тазалап, аялдама, жаяу жүргінші жолдарын, жер асты жолдарын қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Қар жаууына байланысты олар түнгі ауысымға да жұмысқа шығады.

Хабар 24 телеарнасы