430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздағы жарылыстан көз жұмғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден беріледі

  • 1063
  • UPD: 17:00, 27.02.2019
Тараздағы жарылыстан көз жұмғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден беріледі

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылысқа қатысты Елбасы тапсырмасымен арнайы құрылған Үкімет комиссиясының мүшелері Тараз қаласына шұғыл ұшып келіп, оқиға орнына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен комиссия отырысы өтіп, оқиғаның себеп-салдары жан-жақты талқыланды. Жеңіс Қасымбек болған жағдайды егжей-тегжейлі зерделей келе, нақты қорытынды шығару қажеттігін және қажет болса арнайы мамандарды басқа қаладан алдыру керектігін баса айтты. Барлық зардап шеккен тұрғындарға жеке-жеке хабарласып, психологиялық және медициналық көмек көрсетіп, уақытша орналасатын пәтерлермен қамтамасыз ету керектігін тапсырды. Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің басшысына қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың дүние-мүліктері қолды болмауын тапсырып, ондағы күзету жұмыстарын күшейту керектігін айтты. Штаб жұмысын өткізген комиссия тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ қайтыс болған тұрғындардың отбасыларына қала әкімдігі тарапынан 1 миллион теңгеден қаржылай көмек берілетін болды. Комиссия отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауруханада жатқан тұрғындардың жағдайын білді.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:21-де Тараз қаласы «Мыңбұлақ» ықшамауданындағы 62-үйде жарылыс болып, көпқабатты үйдің бір бөлігінің 1-3 қабаттары құлаған. 3 адам қаза тапқан. Бүгінде облыс басшылығы тарапынан жапа шеккендерге барлық қажетті көмектер көрсетілуде.

Хабар 24 телеарнасы