378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы колледж мамандарды жаңа жүйемен дайындамақ

  • 212
  • UPD: 09:06, 05.03.2019

Қарағандыдағы техникалық құрылыс колледжі мамандарды жаңа жүйемен дайындайтын болады.

Модульдік білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге аспақ. Нәтижесінде колледжді бітірген түлек тез арада жұмысқа орналасады. Қазір колледж студенттері құрылыстың 4 бағыты бойынша білім алып жатыр. Мұнда оқитын жастардың жеке бизнес-идеялары да бар. Үздік жобалармен аймаққа іссапармен барған Сенат депутаты Сергей Ершов танысты. Жастармен кездесу барысында ол Елбасының Nur Otan партиясы съезінде түлектерді жұмыспен қамту мәселесіне ерекше мән бергенін атап өтті.                                                                             

Сергей Ершов, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Елбасы халық жағдайының деңгейін көтеруге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Президент өз сөзінде елдегі саяси және экономикалық сұрақтар оң шешімін тапты, енді халықтың өмір сапасына көтеруге аса көңіл бөлу керектігін баса айтты. Біз көріп отырғандай, бұл жерден мықты мамандар білім алып шығып жатыр, егер осылай әрі қарай жалғасса, жастарымыз да, орташа жастағы азаматтар да оқып шықса, кадрлар тапшылығы мәселесін шешеміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы