377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 114 техника қар құрсауынан шығарылды

  • 210
  • UPD: 15:18, 05.03.2019
БҚО-да 114 техника қар құрсауынан шығарылды Радио 7

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қатты дауыл болатыны туралы 19 мәрте ескерту жолданған.

Қаңтар және ақпан айларында қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың жабылғаны жөнінде өңір тұрғындарына жүзден астам смс хабарлама жіберілді. Тек соңғы 3 күннің ішінде Тасқала, Сырым, Теректі аудандарының аумағында қар құрсауында қалған ондаған автокөлік құтқарылды. Сондай-ақ Самара-Шымкент автокөлік жолында Өзбекстан азаматтары мінген шағын автобус аударылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Олар жедел түрде Жымпиты ауылына жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілді. Жыл басынан бері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолда қалған мың жарымдай жолаушыға көмек көрсеткен. Өкінішке орай, олардың көбі жолдардың жабылғаны туралы хабарламаға құлақ аспағандар. Осы 2 айда қалың қардан 500-ден астам техника аршылған жолдарға шығарылды.  

Бақытжан Ықсанов, БҚО ТЖД бөлім бастығы: 
- Осы өткен 1-2-3 наурыз күндері қар құрсауынан барлығы 406 адам құтқарылды, 17 адам эвакуцияланды және 114 техника қар құрсауынан шығарылды. Енді осы жолдарда «ҚазАвтоЖол» күш-құралдарымен қар тазалау жұмыстары атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы