378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандағы инсульт орталығы ел игілігіне қызмет етіп тұр

  • 363
  • UPD: 19:36, 07.03.2019
Түркістандағы инсульт орталығы ел игілігіне қызмет етіп тұр

Түркістанда «Инсульт орталығы ашылғалы бері өлім-жітім деңгейі төмендеп, аурудан кейінгі асқынулар 50 процентке азайды». Бұл туралы біздің тілшілерімізге Түркістан облысы Келес аудандық орталық ауруханасы Инсульт орталығының бөлім меңгерушісі хабарлады.

Нұрдәулет Ештаевтың айтуынша, 30 орындық орталық ашылғалы бергі екі жылдың ішінде мұнда ми қан айналымы бұзылған 40 науқасқа операция сәтті жасалған. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған орталық дәрігерлері де тәжірибелі мамандар. Көбі  Астана мен Алматы және Ресейдің Петербург қаласында даярлықтан өтіп, біліктілігін арттырып келгендер. Мұнда инсультпен ауырған науқастарға барынша жағдай жасалған. Айта кетейік, ми қан айналымының бұзылуы – елімізде жүрек қан айналымынан кейінгі екінші орында тұр. Өткен жылы облыстың Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, 3  компьютерлік томографпен жабдықталды. Өңірдің жедел жәрдем қызметі 37 санитарлық автокөлікпен қамтылып, 62 елді мекенге модульдік медициналық пунктер орнатылды.

Нұрдәулет Ештаев, инсульт орталығының бөлім меңгерушісі:

- Ерекшелігі бұл жерде инсульт орталығының томатис деген терапия жүргізіледі. Сырқат басқалғаннан бастап 3-4 сағаттың ішінде бізге келетін болса, біздің күрделі дәрі-дәрмегіміз бар соларды саламыз. Одан кейінгі асқыну мүлде болмайды. Ол 100 пайыз эффект береді.

Хабар 24 телеарнасы