378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жедел жәрдемнің жету уақыты едәуір қысқарды

  • 337
  • UPD: 16:06, 08.03.2019
Ақтөбеде жедел жәрдемнің жету уақыты едәуір қысқарды

Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында жаңа стандарт енгізілді.

Дәрігерлер бригадасы жылына 150 мың тұрғынға қызмет көрсетуге дайын. Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті Нұртуған Зейнешов жедел жәрдем стансасына фельдшер болып орналасқан. Болашақ хирург бір жылдан бері науқастарға көмек көрсетеді. Курстасы Данияр екеуі ең ауыр шақыртуларға шығады. Биіктен құлаған адамға жол-көлік апатынан зардап шеккендарге көмек көрсету өз алдына, толғағы қысқан әйелді босандырып алған. Қалада санитарлық авиация қызметі де дамып келеді. ТМД елдерінде баламасы жоқ тікұшақ паркингі салынды. Жалпы, жедел жәрдем қызметінде 36 бригада бар. Олар тәулігіне 500 шақыртуға барады. Дәрігерлер қағазбастылықтан арылып, электронды жүйені меңгере бастады.

Нұртуған Зейнешов, қалалық жедел-жәрдем станциясының фельдшері:

- Жалпы, бізде шақырту бойынша 4 категория бойынша жүргізіледі. Яғни ең бірінші деңгей – шұғыл көмекті қажет ететіндерге 10 минутта жетуіміз керек, екінші деңгей – 15 минутқа дейін. Үшінші деңгей – 30, төртінші – 60 минутқа дейін жетуіміз керек. Яғни интервал уақыты бар. Біз реанимобиль болғандықтан, 1-2 категорияға көп барамыз. Яғни, уақытты қысқартуға тырысамыз үнемі.

Хабар 24 телеарнасы