378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жас аналарға тегін фотосессия ұйымдастырылды

  • 264
Астанада жас аналарға тегін фотосессия ұйымдастырылды

Елордада Халықаралық әйелдер күніне орай фотостудиялардың бірі аналар үйінде тұрып жатқан қыз-келіншектерге арнап тегін фотосессия ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Объектив назарына аналардан бөлек, олардың сәбилері де ілінді. Әлеуметтік жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл шара нәрестесімен қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдау мақсатында жүзеге асқан. «Сондай-ақ қоғамның назарын тастанды сәбилер мәселесіне де аударуға тырыстық», – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, Астанада меценаттар қолдау көрсетіп отырған екі аналар үйі бар. Онда 30-ға жуық қыз-келіншек уақытша тұрып жатыр.

Наталина Сергеевна, әлеуметтік жоба авторы:

– Біздің ең басты мақсатымыз – жас аналарды қуанту. 8 наурызда жас аналарға көбірек көңіл бөлуге тырыстық. Қыздарға ана болудан асқан бақыт жоқ екенін түсіндіргіміз келді. Ал студиямызға арнайы декорация орнаттық. Бұл жерде сәбилеріміз ертегі кейіпкерлеріне айналып шыға келеді.

Хабар 24 телеарнасы