377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада тасқынға тосқын қою шаралары пысықталды

  • 167
  • UPD: 23:29, 18.03.2019
Астанада тасқынға тосқын қою шаралары пысықталды

Биыл еліміздің бірқатар аймағын топан су басуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет». Бүгін табиғи апаттың алдын алу шаралары Үкіметте пысықталды. Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек төрағалық еткен жиынға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккердің айтуынша, соңғы екі апта ішінде жалпы ұзындығы 675 шақырымды құрайтын арықтар тазартылып, 2 млн астам текше метр қар шығарылды. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері тасқынға тосқын қоюға сақадай сай. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлеріне оңтүстіктен жіберуге жоспарланған күштер мен құтқару жасақтары есептелді. Бүгінде 400-ден аса қауіпті учаске бақылауға алынып, барлық су қоймаларында мониторинг жүргізіліп жатыр. «Бөгендердің бәрі тасқын суды қабылдауға дайын», – деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, үкіметтік топ көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын тексеру үшін өңірлерді аралайды.

Хабар 24 телеарнасы