389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 1800 студентті қамтитын 5 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр

  • 417
БҚО-да 1800 студентті қамтитын 5 жатақхананың құрылысы жүріп жатыр

Батыс Қазақстандағы жоғарғы оқу орны мен колледждерде жалпы сыйымдылығы 1 мың 800 студентті қамтитын 5 жатақхана құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, индустриалды және медициналық колледждерде 500 орындық, Оралдағы политехникалық және Ақсай қаласының техникалық колледждерінде 150 орындық жатақханалар бой көтеруде. Инвесторлар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы тартылған. Ал Қызылорда облысына мың жарым орындық 5 жатақхана қажет. Қазір екеуінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Өткен жылы Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде студенттерге 600 орындық мұнайшылар ғимараты пайдалануға берілді. Одан өзге 150 орындық екі жатақхана қаладағы колледж бен аудан орталықтарында бой көтереді деп күтіліп отыр. Ал Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 1 мың 340 студент жатақхана кезегінде тұр. Мәселені шешу үшін биыл мың жарым орынға арналған студенттер үйінің құрылысы басталады.

Хабар 24 телеарнасы