379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шардарада алғашқы ахуалдық орталық ашылды

  • 147
Шардарада алғашқы ахуалдық орталық ашылды

Түркістан облысында ашылған алғашқы ахуалдық орталық медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.

Негізгі міндеті – медициналық мекемелер мен дәрігерлердің жұмысы туралы ақпаратты қадағалап, өңдеп отырады. Қысқасы бұл – аймақтың денсаулық сақтау саласын бақылау мен басқарудың тиімді құралы. Орталық 100 процент цифрлық жүйеге қосылған. Технологиялардың барлығы жаңа. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, мұндай орталықтар алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық медициналық мекемелерде ашылады.

Жанар Оспанова, Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

– Қай ауданда медицина бойынша өзекті мәселе бар? Медициналық қызмет көрсету жағдайы бойынша ма, жоқ әлде, құрал-жабдықтардың аз қамтылуының әсерінен бе? Немесе мамандардың біліктілігінің аздығынан болып жатыр ма, , осының бәрін дер кезінде шешуге, медициналық сапаны көтеруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы