389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау әуежайында болған оқиғаны ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тексеретін болады

  • 636
Атырау әуежайында болған оқиғаны ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тексеретін болады

Атырау қаласының әуежайында орын алған жағдайды ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тексеретін болады.

29 наурызда Атырау қаласының әуежайында инкассатордың қызметтік қаруын тексеру кезінде полиция қызметкерінің қауіпсіздік шарасын бұзу фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті оқиға болған жерге барып қызметтік тексеру өткізуде. Қылмыстық іс қозғалды. Тексеру нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар әртүрлі тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке қосымша тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы