379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында тасқын қаупі жергілікті биліктің жіті бақылауында

  • 203
  • UPD: 23:27, 31.03.2019

Сілеті қоймасынан тасталған су қазір облыс орталығынан шалғайда жатқан Қулыкөл және Қаратал ауылдарына жақындаған.

Осыған байланысты мұнда  жедел штаб жұмысын бастады. 60-қа жуық үй түтін түтетіп отырған Қаратал ауылының тұрғындары тасқынға жылда дайындалады. Уәлиханов ауданындағы жағдайды да қазір мамандар қадағалап отыр. Көмекке тіпті Елордадан қосымша жасақ та жетті. Қазір мұнда 40-қа жуық құтқарушы еңбек етіп жатыр.

Сырым Исаев, облыстық ТЖД қызметкері:

- Барлықтарына айтып шықтық. Машинамен де, жаяу да жүрдік. Списоктарын алдық. Қанша адам. Бала бар ма, мүгедектер бар ма, қарт адамдар бар ма? Соның бәрін алдық списоктарын. Енді есепбойынша 23 адам. Соны күтеміз енді.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Орталықтан күш көмек ретінде қазіргі таңда үш бірлік жоғары өтімді техникалар қайықтар және де 14 адам жеке құрам келіп отыр. Аталған күш пен құралдар қазіргі таңда тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы