379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

  • 152
Елордада «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

«Жолда қабылдау». Ертең дәл осындай атаумен бас шаһарда республикалық акция басталады.

Шараның мақсаты – тұрғындарға көші-қон заңдары, автокөліктерді тіркеу, жүргізуші және жеке бас куәлігін алуға қатысты толық ақпарат беру. Екі күн қатарынан өтетін акцияда арнайы мобильді топ жол қауіпсіздігінен бастап, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты барлық сұраққа жауап береді. Тұрғындар «Жолда қабылдау» деген жазуы бар автобустардағы арнайы мамандарға жүгінсе болғаны.  

Бақытжан Малыбаев, қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Тұрғындар Ішкі істер министрлігіне көп шағымданады Сондықтан біз ертең жолға шығып, халыққа бәрін түсіндіреміз. Көші-қон, әкімшілік, жергілікті полиция барлығымыз шығып, таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін жұмыс істейміз.

Хабар 24 телеарнасы