389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл атақты ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл

  • 2123
  • UPD: 23:43, 05.04.2019

Ал сәуір айының алғашқы жексенбісі ғалымның еңбегі сіңген Геология күні аталып өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Осыған орай Алматыдағы ғылым ордасында «Қазақстан ғылым академиясының» тұңғыш президентіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қаныш Сәтбаевт қазақ геология ғылымының атасы десе, артық болмас. Жалпы, академик қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. «Оған Қаныш Имантайұлының ғылыми еңбектері дәлел», – дейді ізбасарлары.

Бүгінде шет елдерге жақсы танымал Қазақстанның ұлттық ғылым академиясы мен ондағы бірқатар институт Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған.

Бақытжамал Айтмұхамбетова, Қ.Сәтбаев атындағы мемориалды мұражай директоры:

- Қаныш Имантайұлы тірі кезінде жиырма шақты ғылыми зерттеу институтын ашты. Соның біреуі – Геология институты. Содан 1964 жылға дейін, қайтыс болғанға дейін сол институттың жұмысын атқарып, жұмысты көтерді. Үшінші жұмысы – Ғылым академиясы. Сол кісі тұңғыш президенті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Орта Азиядан, Ресей, Беларусь және Украина елдерінен келген ғалымдар қатысты.

Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен ел экономикасында маңызды орын алған Жезқазған геологиялық барлау экспедициясы жүргізілді. Нәтижесінде орталық Қазақстандағы мыс, қорғасын, мырыш, маргенец, судың және тағы басқа қазбалы байлықтардың қорлары табылды.   

Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры:

- Орта Азиядағы құрылып жатқан республикалық ғылым академияларымен байланыс жасап, Ресейдің, Украина, Беларусьпен тығыз ғылымды дамытып, сол Кеңес одағында ғылым жағынан, экономика жағынан Қазақстанның үшінші орын алғанының көп еңбегі осы Қаныш ағамыздың еңбегі деп есептейміз.

Іс-шараның басты мақсаты – бірегей тұлғаның өмірі мен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету. «Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев тек қана қазақ елінің емес, бүкіл ТМД мемлекеттерінің ғылымына еңбегі сіңді», – дейді конференцияға қатысушылар.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жакупов

Хабар 24 телеарнасы