419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: Президенттік сайлау – әлемдегі тұрақсыз саяси жағдайда қабылданған дұрыс шешім

  • 1448
  • UPD: 14:10, 18.04.2019

Кезектен тыс президент сайлауы Елбасы мұрындық болған стратегиялық тапсырмаларды орындауға оң септігін тигізбек.

Халық таңдаған мемлекет басшысы еліміздің сарабдал саясатының кепілі ретінде тынымсыз еңбек ететініне сенім мол. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асырады. Бұл – павлодарлық кәсіподақ ұйымдары мен «Nur Otan» партиясы өкілдерінің пікірі. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу шешімі – әлемдегі тұрақсыз саяси жағдайда қабылданған дұрыс шешім.

Бақытжамал Максилова, ҚХА облыстық филиалының өкілі:

– Біздің халық бірлікті жақсы көреді. Себебі бірлік бар жерде тірлік бар. Қазақстан тұрғындары президентке деген сүйіспеншілігін, сенімділігін осы сайлауда көрсетеді деп сенемін.

Санира Жүсіпова, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы:

– Өте орынды шешім деп ойлаймын. Өйткені ең бастысы – халықтың тыныштығы. Кезектен тыс сайлау халықтың тыныштығын және әлеуметтік жағдайын жақсартады деп ойлаймын. Сонымен қатар осы үндеу әр жасқа маңызды шешім болады деп ойлаймын. Сайлау барысында жасотандықтар жұмыс жасауға, қызмет атқаруға дайын.

Хабар 24 телеарнасы