378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда тоқ кернеуінің шамадан тыс артуынан тұрмыстық техникалар күйіп кетті

  • 82
Атырауда тоқ кернеуінің шамадан тыс артуынан тұрмыстық техникалар күйіп кетті

Атырау қаласында тоқ кернеуі күрт артып, тұрғындардың тұрмыстық техникалары істен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше көшеде жарық жоқ. Көпшіліктің айтуынша, 220 вольт болуы тиіс тоқ қуаты бірден 420-ға жеткен. Салдарынан теледидар, тоңазытқыш, ғаламтор желісінің жабдықтары мен компьютерлер күйіп кетті. Ал электрмен қамтушы мекеме өкілдері әзірге үнсіз. «Бұл – бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан жағдай», – дейді тұрғындар. Ешқандай кепілдік болмағандықтан, олар бұзылған техникаларды өз қаржыларына жөндетуге мәжбүр. Соңғы оқыс оқиға кезінде кейбір құралдардан от та шыққан. Энергиямен қамтушы мекемелерден күдер үзген халық енді арыз-шағымдарын прокуратура органдарына жолдады.

Маржан Сұлтанова, қала тұрғыны:

– Алдағы уақытта тағы қайталанама деп қорқамыз. Көрші үйдің келінінің аяғы ауыр, жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен еді. Үйінде балалары қалды, құдай сақтап балалар өрттен аман қалды. Өртенген затты ешкім төлемейді. Тоңазытқышым жанып кетті.

Хабар 24 телеарнасы