387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қар жауды

  • 613
Ақмола облысында қар жауды Ариг Ус

Ақмола облысында бүгін тағы да қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сәуір айында табиғаттың осымен үшінші рет тосын мінез танытуы. Ақ ұлпа әсіресе, аймақтың солтүстік аудандарында қалың жауған. Синоптиктердің айтуынша, таңнан бері өңірде 7 мм қар түсіпті. Облыс орталығында да осындай жағдай. Ал ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр. Енді тұрғындарды алдағы мереке күндері ауа райы қандай болмақ деген сұрақ алаңдатады. Айта кетейік, 112 қызметі аймақта жел күшейіп, 8 градусқа дейін суытады деп хабарлама таратқан болатын.   

Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» РМК филиалының бөлім жетекшісі:

– Алдағы екі күнде де аймақта осындай ауа райы сақталады. Яғни күн суытып, жауын-шашын түседі. Тіпті тағы да қар жаууы мүмкін. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр мереке күндері күн жылынып, ауа райы қалыпқа келеді.

Хабар 24 телеарнасы