379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 300-ден аса әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді

  • 94
  • UPD: 22:08, 07.05.2019

Ақмола облысында 2800-ден астам полицей, 1 жарым мың құтқарушы және 300-ден аса әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді.

Құтқарушыларды дайындайтын еліміздегі жалғыз әскери оқу орны да осы Көкшетауда. Бүгін облыс орталығында мерекелік шеру өтіп, саланың үздіктері құрметке бөленді. Тізімде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен бастап, төтенше жағдай қызметінің мамандары, әскери патриоттық клубтардың өкілдері мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне дейін бар. Мерекелік жиын барысында облыстық полиция департаментіне қарасты арнайы жасақ қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетті.

Асхат Еркашев, жол-патрульдік полицейі:

– Мен бүгін президенттің атынан «Айбын» орденін алдым. Өте қуаныштымын. Қазақстан Республикасына қызмет етемін.

Алмас Мұздыбаев, «Айбын» әскери-патриоттық клубының бөлімше командирі:

– Жалпы осы сапта жүріп ән айту байқауында біз бірінші орын алдық. Барша қазақстандықтарды 7 мамыр Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы