379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында курорттық аймақ салынады

  • 78
  • UPD: 15:36, 10.05.2019
Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында курорттық аймақ салынады

Өңір бойынша ең көрікті жер соңғы жылдары тұрғындар мен шетел азаматтарының жиі келетін орнына айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді су жағасында туристер үшін жоғары сапалы қызмет көрсететін алаң құру жоспарланып отыр. Жалпы, облыстың ішкі туризмін дамыту мақсатында жыл сайын 25 млн теңге бөлінеді. Былтырдан бері тарихи-мәдени нысандарды қамтитын бағыттар жасақталып, бес ауданда меймандарды күтетін қонақжайлар пайда болды. Екі жыл бұрын әйгілі әнші Димаш атындағы турбағыт құрылып, оның өнеріне тәнті болған Қытай мен Еуропа елдерінің азаматтары келген болатын. Өңірдің туризм саласында биыл бірқатар жоба жүзеге аспақ.

Әуез Арызғұлов, облыстық кәсіпкерлік басқармасы туризм бөлімінің бас маманы:

- Биыл Ақтөбе облысының туризмін дамыту және насихаттау мақсатында Ақтөбе облысының тұрғындары және қонақтарына жаз мезгілінде әр апта сайынғы тегін экскурсия жүргізу жоспарлануда. Экскурсия Ақтөбе қаласы бойынша өтеді. Олар облыстың мәдени және тарихи нысандарын таныстыруға арналған.

Хабар 24 телеарнасы