378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар әкімінің бастамасымен «Ashyq Kabinet» жобасы пайда болды

  • 119
Павлодар әкімінің бастамасымен «Ashyq Kabinet» жобасы пайда болды

Павлодар қаласы әкімінің бастамасымен Оpen Pavlodar фронт-кеңсесінде «Ashyq Kabinet» жобасы пайда болды.

Жаңашыл жоба халық пен биліктің арасын жақындатып қана қоймай, тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталған. Оpen Pavlodar фронт-кеңсесі – көптеген мекемелердің басын бір жерге топтастырып отырған орталық. Әнуар Күмпекеев кабинеттің сыртында тұрып-ақ сауалдарға жауап бере бастады. Халықты баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы олқылықтар, абаттандыру сынды көпке ортақ мәселелер алаңдатады. Айта кету керек, «Ashyq Kabinet» қабырғалары шыныдан жасалған. Қабылдау бөлмесі қарастырылмаған. Алдын ала ешкім кезекке жазылмайды. Жалпы әкімдік ғимаратына кіру үшін кез келген адам тексеруден өтеді. Ал ашық кабинетте ондай кедергілер жоқ. Суретке түсіруге, әңгімелерін диктофонға жазуға рұқсат етіледі. Бейсенбі күні қала әкімі, басқа күндері әкімнің үш орынбасары және жергілікті полиция басшысының жұмыс күні ашық кабинетте өтеді.

Лилия Стадникова, қала тұрғыны:

– Әкім халыққа жақын болғанда ғана оның жұмысы нәтижелі болмақ. Бұл өз жемісін беретін жоба деп ойлаймын. Бүгін біздің мақсатымыз көзбе көз жүздесу еді. Сәті түскеніне қуаныштымын.

Әнуар Күмпекеев, қала әкімі:

– Біздің павлодарлықтардың сұрақтары болса, осында тікелей келуге мүмкіндіктері бар. Міндетті түрде тез уақытта сұрақтарды шешуге тырысамыз. Бүкіл мемлекеттік орган осы ғимаратта орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы