378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Қазақстан азаматы қайырымдылық іс-шарасын өткізді

  • 143
  • UPD: 15:09, 03.06.2019

Сеулде балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны Қазақстан азаматы Юлия Уняева басқаратын КИМ ақпараттық-мәдени орталығы ұйымдастырды. Акция шеңберінде Оңтүстік Кореяға ТМД елдерінен келген балалар өнер көрсетті. Сондай-ақ қайырымдылық жәрмеңкесі және ойыншықтарды сыйлау шарасы ұйымдастырылды. Акцияда жиналған барлық қаражат «Я с тобой» балалар хосписіне және аналарға арналған «Убежище» қазақстандық қайырымдылық ұйымдарына жіберіледі. Бұдан басқа Бахтиёр Синдоровқа қаржылай көмек көрсету ұйымдастырылды. Қазір ол Қазақстанда ата-анасымен бірге тұрады. Жеті жасар бала өрт кезінде зардап шекті. Енді оның бет терісін қалпына келтіруі керек. Кореялық «Фрэнд Азия»қайырымдылық қоры Бахтиёрға Сеулге келу, тұру және тағы басқа шығындарын төлеуге келісті. Тері трансплантациясын жасайтын Оңтүстік Корея клиникасы баланы тегін емдеуге дайын.

Юлия Уняева, «Корея и Мы» ақпараттық-мәдени орталығының жетекшісі:

- Бізге Кореядағы қайырымдылық қорлары үлкен көмек берді. Мысалы, олар Қазақстандағы балалар мен аналар тұратын ұйымға және Бахтиер Синдоров деген өзбек баласына қаражат жинады.

Сон Чан Ик, «Жаңа өмір» әл-ауқат қорының төрағасы:

- Ресей, Қазақстан және Өзбекстан балалары қатысатын осындай шара туралы бірінші рет естіп отырмын. Балалардың қуанышында шек жоқ. Осындай бақытты балалар көп болсын деп көмектестім.

Хабар 24 телеарнасы