389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі 1356 көп балалы отбасыға жалдамалы пәтер кілті табысталды

  • 322
  • UPD: 17:34, 04.06.2019
Еліміздегі 1356 көп балалы отбасыға жалдамалы пәтер кілті табысталды

Қазақстанда 1356 көп балалы отбасы жалдамалы тұрғын үйдің кілтін алды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 40 мың жалдамалы пәтер салынатын болады.

«Тек мамыр айында ғана барлық қаржы көздері есебінен бүкіл еліміз бойынша 1356 көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Көп балалы отбасыларға тұрғын үй берудің алғашқы нәтижелері осындай. Бұл жұмыс министрліктің тұрақты бақылауында. Бүгінгі таңда Қазақстанда 31 725 отбасы баспанаға мұқтаж жандар ретінде әкімдіктерде есепте тұр», - делінген министрліктің хабарламасында.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы қосымша шара ретінде биылғы жылдың маусым айында көп балалы, толық емес отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды жеңілдікпен несиелеуді іске қосу жоспарлануда. Бұл қарыздар жылдық 2% ставка бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге, бастапқы жарнасы 10%-дан бастап беріледі. Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін.

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің деректері бойынша бүгінгі күні кезекте тұрған көп балалы отбасылар 2025 жылға дейін мемлекеттен тұрғын үймен толық қамтамасыз етіледі. Тек осы жылдың өзінде12 мың отбасы өз пәтерлеріне қоныстанады (6 мың жалдамалы тұрғын үй есебінен және 6 мың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдікпен несие беру есебінен).

Осылайша, 3-4 жыл ішінде министрлік тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасылардың мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр. Қабылданып жатқан шаралар аз қамтылған көп балалы отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда ел халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырады.

Хабар 24 телеарнасы