389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Казарматура» зауыты беделді мұнай институтының сертификатын иеленді

  • 292
  • UPD: 23:26, 14.06.2019

Қашаған кен орнын игеріп жатқан Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы қазақстандық «КазАрматура» зауытына беделді Америка мұнай институтының сертификатын алуға көмектесті.

[1] Сөйтіп отандық өнім шығарып отырған қарағандылық зауыттың мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі артады. 

.«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» - Солтүстік-Каспий жобасының операторы Қазақстандағы теңіз мұнайгаз кен орындарында өндірісті дамытатын ірі кәсіпорын. Аталмыш компания даму жобасына барынша отандық өнімді тартуға тырысады. Осы жолы да  олар отандық зауыттың халықаралық деңгейге шығуына демеушілік етті. «КазАрматура зауыты» ЖШС-і мен Америка мұнай институты  кеңесшілерінің  қажырлы еңбегінің арқасында зауытта АPI стандартын енгізу жөніндегі екі жылдық жоба ойдағыдай аяқталды. Нәтижесінде зауыт өкілдеріне халықаралық сертификат табысталды. 

Ермек Марабаев, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы басқарушы директордың орынбасары:

- Біз индустриямызды дамыту үшін отандық өндірісті барынша іске қосуымыз керек. Егер қазір біз отандық құрылғыны қолдансақ оның төзімділігін де бақылай аламыз. Шет елдік құрылығыларға деген сұраныс болмайды.

Табысталған халықаралық сертификаттың артықшылығы көп. Мәселен, кәсіпорынның мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі артатын болады.  Жалпы, «КазАрматура зауыты»  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2012 жылы құрылған. Компания қызметінің негізгі бағыты энергетика және мұнай-газ саласы үшін құбырлық арматура, мұнай және газ өндіру жабдықтарын шығару.

Александр Моисейченко, «Казарматура зауыты» ЖШС өндіріс бойынша директоры:

- Бұл сертификат біздің  өнімнің  сапасы мен компанияның біліктілігін растайды. Шетелдік компаниялардан тапсырыстар алуға мүмкіндік береді. Жақын уақытта өнімдерімізді Ресейге экспорттау жоспарланып отыр.

Америка мұнай институты – АҚШ-тың мұнай жабдықтарын стандарттаудан дүние жүзі бойынша алдыңғы орын алатын жалғыз ұлттық, үкіметтік емес ұйым болып табылады. Осы ұйыммен ұсынылатын нормалар дүние жүзі бойынша барлық мұнай-газ компанияларымен мойындалған.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы