383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыға келген шетелдік туристердің саны артты

  • 137
  • UPD: 12:54, 19.06.2019
Алматыға келген шетелдік туристердің саны артты

Алматы қаласына келген шетелдік туристердің саны артып отыр.

Мәселен, осы жылдың алғашқы тоқсанында мың бояулы шаһарға 91 мыңнан астам шетелдік саяхаттап келген. Бұл 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 45,9 пайызға көп. «Мұндай жетістікке соңғы 15 жылда алғаш рет қол жетіп отыр»-дейді Туризм басқармасының мамандары. Медеу, Шымбұлақ, Шарын шатқалы, Алтын Емел, Көлсай сынды көрікті жерлер туристер үшін қашанда тартымды. Бұдан өзге қала орталығының жаңаруы, футзалдан Чемпиондар Лигасы, Алматы Марафон сынды іс-шаралар да оң ықпал еткен. Жыл басынан бері Алматы қаласы Мумбаи, Берлин, Мәскеу, Дубай және Гонконгтағы халықаралық көрмелерге қатысты. Сондай-ақ қала басшылығы онлайн жарнамаға да ерекше көңіл бөліп келеді. 

Қалибек Ақылбеков, қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары:

- Онлайн жүйесі бойынша бізде  соңғы жылы Visit Almaty сайты жаңартылды. Және де Trip Advisor, Profi Travel сайттарымен келісім-шарттар қабылданды. Мысалы, Profi Travel сайтымен соңғы 3 жылда статистикасын қарасақ, туристер саны Алматы қаласына кіріп қараған, сайтын қараған олар 300 пайызға өсті.

Хабар 24 телеарнасы