383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арыс, біз біргеміз» акциясына Ақтаудағы Ассамблея жастары да үн қосты

  • 141
  • UPD: 15:35, 27.06.2019

«Жаңғыру жолы» жастар қанатына мүше отыздан астам жас буын өкілі түгелдей игі іске жұмылған.

Олар Арыстағы көмекке зәру отбасылар үшін киім-кешек, балаларға ойыншықтар мен бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік қорын жинақтап жатыр. Әзірге жиылған бұйым және тағамдар жол дорбаларға салынып, оңтүстіктегі аймаққа пойызбен жөнелтілмек. Бауырмал жастар әлеуметтік желілерге хабарландыру жариялап, өлке тұрғындарын республикалық акцияға бір кісідей атсалысуға шақырып отыр.

Беслан Навразов, облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қанатының мүшесі:

– Ассамблея жанынан құрылған жастар қанатының мүшелері Арыс қаласында болған қайғылы жағдайды күйзеліспен қабылдадық. Үйлерін тастап шығып, бас сауғалаған халықтың қайғысына ортақпыз. Көмекке зәру отбасылар үшін киім-кешек, ойыншықтар мен азық-түлікті жеделдетіп оңтүстіктегі өңірге жіберуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы