384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста радиация жоқ – Мамандар

  • 148
  • UPD: 14:23, 04.07.2019

Арыста радиация жоқ. «Ұлттық сараптама орталығының» мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Радиологтар ауа, су және топырақтан 578 сынама алып, барлығы оң нәтиже көрсеткен. 

Қамбар Бекенов, тілші:

-Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері жарылыс аймағы мен қала ішінде жоспардан тыс атмосфералық ауа, радиациялық фон және жер үсті сулар бойынша сынама алу ұйымдастырды. Атмосфералық ауа сынамалары 8 нүктеде 6 ластаушы заттар бойынша алынды.

Талдау нәтижелері бойынша басты иондар, ауыр металдар мен биогенді заттарды қоса алғанда су сапасының 29 көрсеткіші бойынша бекітілген нормадан асу анықталған жоқ. Су сапасының қалған 19 көрсеткіштері бойынша талдаулар 5 күн ішінде дайын болады. Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі апта көлемінде қару-жарақ, жарылғыш снарядтар Арыстан көшіріле бастайды. Қазіргі таңда әскерилер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы