389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Туған жер» бағдарламасымен 52 жоба жүзега асырылды

  • 242
  • UPD: 12:02, 11.07.2019
Жамбыл облысында «Туған жер» бағдарламасымен 52 жоба жүзега асырылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері «Туған жер» бағдарламасы бойынша 52 жоба жүзега асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жергілікті меценаттар 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Соның нәтижесінде өңірде жаңа мешіттер мен балабақшалар және спорт алаңдары салынды. Туған жеріне тарту жасаған кәсіпкерлер саны бойынша Жамбыл, Талас, және Тұрар Рысқұлов ауданының атымтай жомарттары көш бастап тұр. Тараздағы қос алея да кәсіпкерлер көмегімен жөнделіп, ел  игілігіне берілді. Қазір ол қала тұрғындары жиі баратын орынға айналды.

Гүлбахрам Дүйсекова, қала әкімінің кеңесшісі:

- Меценаттардың көмегімен аз қамтамасыз етілген отбасыларына 2 пәтер сыйланды. Және кәсіпқой бокстан әлем чемпионы 2 мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасына автомобиль көлігін сыйға тартты. «Туған жер» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды. «1 сәби, 1 ағаш» деген акция ұйымдастырылған. Дүниеге келген сәбилердің ата-аналары 500 түп ағаш отырғызса, қаланы көркейту барысында 6200 түп жасыл желек отырғызылды.

Хабар 24 телеарнасы