386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Аулада қабылдау» шарасы өтіп жатыр

  • 249
  • UPD: 15:23, 20.07.2019
Талдықорғанда «Аулада қабылдау» шарасы өтіп жатыр

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен Талдықорған қалалық әкімдігінің қызметкерлері бұл жолы 4-шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мұндағы көпқабатты үйлердің алдына көліктердің қалай болса солай қойылатынын, ал кейбір жүргізушілердің аулада машина жуатынын айтып шағымданды. Сонымен қатар балалар ойнайтын алаңқайда спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзатындар да аз емес екен. «Айқай-шу негізінен қысқа мерзімге жалға берілетін пәтерлерден шығады. Үйдің тап іргесінде полиция бөлімшесі тұрғанымен, көбіміз учаскелік инспекторды танымаймыз. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түскен жөн», – дейді Талдығорғандағы 4-шағын аудан тұрғындары.

Хасанбек Мұстажапов, қала тұрғыны:

– Ауланың көгалдандырылуын, суарылуын, кешке адамдардың жүріп-тұрғандағы тыныштығын, пәтер жалға берушілердің тәртібін реттеуін біз сұрап отырмыз. Аулада түнде бұзақылық болатынын, ішімдік ішетінін біз жаңа облыстық Полиция департаментінің басшысына айттық. Ол кісі жазып алды.

Марат Күштібаев, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– Кешқұрым, түнде балаларға салынған жерге мас күйінде келетін фактілерін айтып жатыр. Одан кейін әр аулаға видеобақылау қойылсын деп жатыр. Бір айдан кейін осы тұрғындарды жинап, біздің атқарған жұмыстар бойынша есеп береміз.

Хабар 24 телеарнасы