386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрі Арыста атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

  • 195
  • UPD: 15:49, 20.07.2019

Осы мақсатта Нұрлан Ермекбаев шаһарға арнайы келіп, әскери бөлімнің көшірілуі, оқ-дәрілер мен мүлікті шығару және әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарын өз көзімен көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек Шымкент горнизонының әскери бөлімдерінде оқу-материалдық базаның жай-күйін тексерді. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасында атыс қаруы мен оқ-дәрілерінің сақталу шарттарын қадағалады. Жанар-жағармай материалдары мен авиациялық жою құралдарының қоймаларын аралады. Тексеріс барысында анықталған бірқатар кемшілікті атап, нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруды, әскери қызметшілердің өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздігінің талаптарын мүлтіксіз орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы