386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстан ШҚО-ға 69 отбасы көшіп барады

  • 182
  • UPD: 17:08, 26.07.2019
Арыстан ШҚО-ға 69 отбасы көшіп барады

Шығыс Қазақстан облысына Арыс қаласынан 69 отбасы көшіп баратын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар шығыстағы жұмыс күші жетіспей жатқан Көкпекті, Бесқарағай, Үржар ауданы мен Семей қаласына орналасады. Көшіп-қону қаражаты мен әрбір адамға бір реттік көтермеақы да беріледі. Келген бойда жұмысқа орналасып, баспанамен қамтылады. Жалпы облыста 2017 жылдан бері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – жұмыссыздар көп тіркелген өңір тұрғындарын еңбек күші жетіспейтін облысқа тарту. Мәселен, қазір шығыста 5 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр. Тек білім саласы бойынша 717 ұстаз жетіспейді. Әсіресе алыс аудандар мен ауылдарда маман тапшы. Сондай-ақ өңірге 170 ветеринар мен құрылыс және өңдеу өнеркәсібі бойынша инженерлер қажет.

Ерболат Ошақбаев, облыстық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

- Келген адамдарға бірінші кезекте ауылдық округтердің әкімдерімен толығымен 320 үйді дайындап отырмыз. Олардың сатып алуға мүмкіндіктері болмаса, бір реттік материалдық көмекті алады. Онда шаруа қожалықтары тегін беру мүмкіндіктері бар.

 

Хабар 24 телеарнасы